01 қараша 2019 11:53

Екібастұзда психотроптық заттарды сақтаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың басынан Павлодар өңірінің аумағында барлығы 61 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде 46-сы - есірткі заттарын өткізу фактісі, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар"


2019 жылдың басынан Павлодар өңірінің аумағында барлығы 61 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде 46-сы - есірткі заттарын өткізу фактісі, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар"

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс аумағында синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

"Қазан айында Екібастұз қаласында полиция басқармасының қызметкерлерімен есірткі қылмысына қарсы әрекет ету бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ер адамның қалтасынан полиэтилен орамасы табылып, сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде орамада есірткі екені анықталды. Жалпы салмағы - 3 граммнан астам. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау")

бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді департамент өкілдері. 

Айта кетейік, интернетте синтетикалық есірткі заттарын сату туралы ақпарат жарияланады. Аккаунт блогерлері көбінесе граффити жазбаларын жариялау арқылы жарнама жасап жатқандарын түсінбестен, осы ақпараттардың таратылуына ықпал етеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети