16 шілде 2014 15:55

Екібастұздың экс-әкімін өлтірген адам 15 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mail.ru ©Mail.ru

Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін өлтірген адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Ержан Қалкенге сілтеме жасап.


Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін өлтірген адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Ержан Қалкенге сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевты тапсырыспен өлтіруге кінәлі деп танылды. "Соттың алқабилер кеңесінің қатысуымен шығарған айыптау үкімінің негізінде сотталушы Мейрамбаевқа қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - деп хабарлады Қалкен.

Оның айтуынша, Павлодар облыстық прокуратурасы ақтау үкімін қолданбауды талап еткен. Сот үкіміне шағым келтіріліп, ол қайтарылған, содан кейін қылмыстық іс соттың қарауына қайтадан берілді. Жаңа сот процесі басталған кезде жәбірленуші тараптың өтініші бойынша бұрын бостандыққа жіберілген Олжас Мейрамбаев қайтадан қамауға алынды. 

Ер адам "Базарские" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы болған. Ол бірнеше жыл бойы іздеуде жүрді. 2013 жылдың сәуір айында күдікті Алматы қаласында ұсталып, кейін Павлодарға жеткізілді.

Еске сала кетейік, Екібастұз қаласының 58 жастағы бұрынғы әкімі Жұматаевты 2008 жылдың мамыр айында "Асыл" базары маңында атып кеткен болатын. Оқиға орнынан жеті гильза табылды.

Тергеу барысында полиция күдікті ретінде Серік Мұқантаевты, Әлихан Исинді, Ернар Бижұменовті және облысқа белгілі кәсіпкер Бауыржан Мұқантаевты ұстады. Оларға кісі өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылды. 2011 жылдың шілдесінде алқабилер соты Серік Мұқантаевқа қатаң режимдегі колонияда 13 жыл жаза өтеуге соттады. Оның адвокаты кісі өлтіру тапсырысын орындаған адамның бостандықта жүргенін мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети