24 тамыз 2020 09:52

Елорда тұрғыны 40 адамның атынан онлайн несие алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 40 жастағы ер адам 40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда 40 жастағы ер адам 40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күнде елордалық полицейлер Интернетте 50-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 29 интернет-алаяқтық және 7 интернет-ұрлық деректері бар. Сондай-ақ, 14 киберқылмыскердің ұсталғаны хабарланды.

"40 жастағы ер адам ұсталды, оның 40 адамның атынан онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтық жасағаны анықталды. Ер адам мәліметтерді заңсыз жинау арқылы Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін алып, ақпараттық технологиялардың көмегімен несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети