15 қыркүйек 2020 16:54

Елорда тұрғынынан 9 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан 43 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.


Нұр-Сұлтанда ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан 43 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Арнайы операция жер үйлердің бірінде күдікті ірі көлемде есірткі сақтап, оны сатпақ болғаны туралы жедел ақпарат алынған соң жүргізілген.

"Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сатқаны және сақтағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған 1977 жылғы астаналықты ұстады. Оның көлікжайынан салмағы 14 келіден асатын "гашиш" есірткіні тәркіленген. Есірткінің қара нарықтағы бағасы - 9 миллион теңге немесе 28 мың бір реттік доза", - делінген хабарламада.

Үйді тінту барысында күдіктіден 2  миллон 243 мың теңге, пневматикалық тапанша, таразы тәркіленді.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети