21 қазан 2019 15:56

Елордада әкесі баласына оқ атты: дәрігерлер сәбидің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкесі оқ атқан балаға операция жасалды. Нұр-Сұлтан қаласының № 2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов баланың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Әкесі оқ атқан балаға операция жасалды. Нұр-Сұлтан қаласының № 2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов баланың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"20 қазанда шамамен 23:00-де жедел жәрдем қызметкерлері № 2 аурухананың травматологиялық бөліміне 4 жастан асқан баланы алып келді. Оның ішіне оқ тиген. Балаға дереу лапароскопия жасалды", - деді Досмаилов. 

Оның айтуынша, ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы ауыр болған. Бала ота алдында дайындық шаралары үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. 

"Бүгінде балаға ота жасалып, жағдайы дұрысталғанда стационарлық емделуге жіберілді. Жағдайы тұрақты, ауыр бірақ жақсарып келеді. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, оған барлық көмек көрсетіледі", - деді дәрігер. 

Осыған дейін полиция өкілдеріне 55 жастағы елордалық тұрғынға және 5 жасар балаға оқ атылғаны туралы хабар 20 қазанда сағат 22:19-да түскен. 

"Отбасылық жанжал барысында 59 жастағы ер адам мас күйде болып әйелі мен басқа некеден туған баласын жарақаттаған. Әйел адам алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тауып, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - делінген хабарламада. 

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Елордада ер адам мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети