03 қыркүйек 2022 08:47

Елордада кафеде "ыстық бәліш" деген құпия сөзбен есірткі сатылған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда кафелерінің бірінде "ыстық бәліш" құпия сөзімен жасырын гашиш сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда кафелерінің бірінде "ыстық бәліш" құпия сөзімен жасырын гашиш сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, бұл қылмыс арнайы операция нәтижесінде анықталған.

"Есірткі сатқаны үшін үй тағамдары әзірленетін кафенің 52 жастағы иесі ұсталды.

Ол өз мекемесінде "ыстық бәліш" деген кодпен есірткі сатқан.

Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған "гашиш" салынған 56 қағаз орама табылды. Сол жерден есірткі сатқаннан алынған 2,5 миллион теңге сомасындағы ақша шықты", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келіден асады.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети