02 қыркүйек 2014 13:54

Ер адамды қыздан кешірім сұрату үшін ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©informvest.com ©informvest.com

Орал қаласының тұрғындары бір ер адамды қыздан кешірім сұрату үшін ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 30 тамызға қараған түні болды.


Орал қаласының тұрғындары бір ер адамды қыздан кешірім сұрату үшін ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 30 тамызға қараған түні болды.

Үш адам бір жігітті Жаңажол ауылында ұрлап кеткен. Оны көліктің жүксалғышына салып алып, ауылдың сыртына шығарып, ұрып-соққан. Зардап шегуші үйіне әрең жетіп, есінен танып қалады. Келесі күні оның әйелі полицияға хабар береді. Тәртіп сақшылары шабуыл жасағандардың кім екенін анықтады.

"Бұл оқиғадан екі күн бұрын зардап шегуші өзін ұрып-соққандардың бірінің туысқанын ренжіткен. Содан кейін үш жігіт Оралдан Mercedes-Benz көлігімен келіп, түнгі 03.00 шамасында ер адамды тауып алып, машинаға салып Жалпақтал ауылына апарады. Ол жерде ер адамды кешірім сұрауға мәжбүрлеп, ұрып-соғады да, далаға лақтырып кетеді", - дейді Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы, майор Тимур Айтуғанов.

Ұсталғандар Орал қаласының 1993, 1986 және 1985 жылғы тұрғындары болып шықты. Олар өз әрекеттерін мойындап, ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен босатылды. Ұсталғандарға "Жүгенсіздік" және "Адам ұрлау" баптары бойынша айып тағылды. Олардың 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети