02 қазан 2017 13:52

Ер адамның мәйітін бөлшектеп тастаған қылмыскерге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Көкшетау тұрғынын қанішерлікпен өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Көкшетау тұрғынын қанішерлікпен өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

"1986 жылғы Александр Безрукий ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасады деп танылып, 188-бабы ("Ұрлық") бойынша кінәлі деп табылды. Ол 20 жылға сотталды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді", - делінген сот үкімінде. 

Сонымен қатар, сотталушы бес миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс және өзі ұрлаған 480 мың теңгені қайтаруы қажет. 

ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, мәйіт әлі танылған жоқ. Еріктілердің айтуынша, табылған дене жоғалып кеткен Кулаковскийдікі болуы мүмкін.

Еске салайық, 1989 жылғы Николай Кулаковскидің бөлшектенген мәйіті Көкшетау қаласындағы Қылшықты өзенінен табылды.  Николай Кулаковский түнгі клубка кетіп, қайтып үйіне оралмаған еді. Ал жігітті іздестіру жұмыстарына полициядағылар мен еріктілер жұмылдырылған болатын.

2017 жылы 19 маусымда сотталушы арам пиғылмен мас күйде клуб жабылғаннан кейін өз танысы Николай Кулаковскийді үйіне шақырған. Ол оның қалтасында 480 мың теңге болғанын білген. Үйінің ауласында Безрукий Кулаковскийдің басынан бірнеше рет соққы жасаған, алған жарақатынан жігіт қайтыс болған. Мәйіттен құтылу үшін, Безрукий ас бөлмелік пышақпен өз танысының мәйітін бөлшектеп, өзенге лақтырып жіберген. Қайтыс боғлан Кулаковскийдің пәтеріне барып, 480 мың теңгені алып кеткен. 

Сотталушы 20 шілдеде Украинамен шекаралас жерде ұсталған. 

Еске салайық, Көкшетауда өткен жылы жоғалған жігіттің денесі өзеннен бөлшектелген күйі табылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети