10 қазан 2014 12:26

Ержан Өтембаев қазанның соңында мерзімінен бұрын босатылуға өтініш бере алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Өтембаев. ©Tengrinews.kz Ержан Өтембаев. ©Tengrinews.kz

Қазақстандық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдем бергені үшін сотталған ҚР Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев Астана қаласында жазасын өтеп жатыр, қазан айының соңында оған мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға мүмкіндік сұрау уақыты туады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап берген ҚР ІІД Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков хабарлады.

"Қазір сотталушы Ержан Өтембаев Астана қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 166/10 мекемесінде. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату уақыты 2014 жылдың қазан айының соңында жетеді. Мерзім келген соң мекеме әкімшілігі ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталушыны жазбаша түрде мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сотқа өтініш бере алады. Өтініш берілген жағдайда ол 10 күн ішінде қаралып, тексеру үшін сотқа жіберіледі", - деді ол.

Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған болатын. 2013 жылдың желтоқсан айында қылмысқа қатысты жаңа деректердің пайда болуына байланысты оның ісі қайта қаралды. Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін атқан Рустам Ибрагимов шын мәнінде саясаткерді өлтіруге кімнің тапсырыс бергенін айтты. Оның сөзінше, тапсырысты Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев берген. Сот Өтембаевтың ісін қайта қарап, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Осы арқылы қамау мерзімі жеті жылға қысқарды.

Ибрагимов сотта операцияны Мұсаев жеке бақылауына алғанын айтты, ал Ержан Өтембаев сол кездегі жағдайдың құрбаны ғана болды. Іс материалдарына қарағанда, Өтембаев бұған дейін Ибрагимовке оппозиционерді ұрып-соғу туралы жоспарын айтқан болып шықты, мұны білген Әлиев пен Мұсаев жоспарды өзгерткен. Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісінің өлімінен соң Ержан Өтембаев түрмеге отырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети