Алматыда Esentai Mall маңында жол-көлік оқиғасынан кейін төбелескендер түсініктеме жазды. Төбелесті бастаушыларды және оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданының ІІБ басшысы Болат Тотыбаевқа сілтеме жасап.

"Жөл-көлік оқиғасына қатысты материалды Медеу аудандық ІІБ-нің әкімшілік іс-тәжірибе бөлімі тергеп жатыр. Бұзақылық дерегі бөлек қаралады. ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Барлығынан жауап алынып, шаралар қолданылады", - дейді Тотыбаев.
Еске салайық, үш көліктің соқтығысуы жаппай төбелеске ұласқан болатын.
Оқиға түнгі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан Esentai Mall сауда орталығының тұрағында болды.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry тұрақтан қозғала бергенде батысқа қарай кетіп бара жатқан Lexus жол талғамайтын көлікпен бетпе-бет соғысқан. Осыдан кейін седан жанында тұрған Mercedes көлігіне соғысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Camry автомобилінде болған үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Жол апатынан кейін жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал шығып, төбелес болған. Соның салдарынан тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген Бостандық аудандық полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан он шақты адамды АІІБ-ге жеткізді.