23 желтоқсан 2016 16:49

Есеп комитетінің өкілдері пара үшін ұсталған қызметкерлері туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша есеп комитетінің өкілдері пара үшін ұсталған мемлекеттік аудиторлар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша есеп комитетінің өкілдері пара үшін ұсталған мемлекеттік аудиторлар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Б.Копобаева есеп комитетінде 2009 жылдан бері істейді. А.Жәңгірбаева - 2012 жылдың шілде айынан. Есеп комитетіндегі қызмет мерзімі кезінде олар жақсы жағымды қасиеттерімен көрініп, тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған", - дейді ведомство өкілдері ресми сауалға жауап бере отырып.

Комитет өкілдері мемлекеттік аудиторларының кінәсі дәлелденсе, жұмыстан босатылатынын хабарлады.

"Бүгінде Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаеваның бұрынғы нәтижелерді тексеру негіздемелері Есеп комитетінде жоқ", - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Астананың Алматы аудандық № 2 сотының шешімімен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы А. Жәңгірбаеваға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалды. Б.Қопобаеваға қатысты үй қамауы таңдалды. Мемлекеттік аудиторлар кінәларын мойындап, істеріне өкінетіндігі хабарланды.

Еске салайық, 20 желтоқсанда "Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталғаны белгілі болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети