26 мамыр 2022 12:26

"Ешкім құтқара алмайды". Оралда пара алды деп күдікке ілінген шенеунік үйқамаққа жіберуді сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: uralskweek.kz Сурет: uralskweek.kz

Оралда пара алды деп айыпталған құрылыс бөлімі басшысы үйқамаққа жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап. 


Оралда пара алды деп айыпталған құрылыс бөлімі басшысы үйқамаққа жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кеше, 25 мамырда мамандандырылған ауданаралық сотта құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Арман Өксікбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Онымен бірге сотталушылар орындығында "Сырласу" ЖШС жүргізушісі Александр Нығметов болды. Ақпарат бойынша, пара Нығметов арқылы Арман Өксікбаевқа берілген.

Алдын ала тыңдауда екі сотталушының адвокаттары қорғаушысын үйқамаққа жіберуге өтініш берді, ал істің өзі прокуратураға қосымша тергеу үшін қайтарылды.

"Менің клиентіме 40 рет "жедел жәрдем" шақыртылды, ол қант диабетімен ауырады, стенокардиясы бар. Инсульт алса, оны ешкім құтқара алмайды. Дәрігер оның өтірік жасамайтынын растады", - деді Нығметовтің адвокаты Роза Жұмалиева сотқа.

Өксікбаевтың қорғаушысы Тамара Сәрсенова да соттан өзінің клиентіне бұлтартпау шарасын өзгертуді және істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады.

30 минуттық үзілістен кейін судья Асланбек Дүйсінғалиев сотталушының бұлтартпау шарасы өзгертілмейтінін хабарлады және басты сот талқылауын 2022 жылғы 9 маусымға қойды.

Еске салайық, Өксікбаев 2021 жылдың қазанында ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети