Есікте жаппай зорлау оқиғасы бойынша сот тергеуі қайта жүргізіледі

15 Қараша 2016, 23:04
0
Есікте жаппай зорлау оқиғасы бойынша сот тергеуі қайта жүргізіледі - Жібек Мусинова © Тengrinews.kz
Жібек Мусинова © Тengrinews.kz

Есікте жаппай зорлау оқиғасы бойынша сот тергеуі қайта жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазандық аудандық сотынан. Еске сала кетейік, бұл іс жабық тәртіпте өткен болатын. 

Бүгін төрт сотталушыға сот үкімі шығарылады деп күтілген, алайда сот мамандардан қайта сұрау алуды жөн деп тапты. 

"Сараптама жасаған мамандардан қайта жауап алынсын. Келесі сот отырысы 2016 жылдың 18 қарашасына сағат 11.00-ге белгіленсін", - деді судья Ерлан Баймолдинов.

Осыған дейін прокурор сотталушыларға 11 жыл сұраған еді. Жәбірленушінің адвокаты Айман Омарованың айтуынша, прокурор барлық сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Өз кезегінде, екі сотталушының туысы Роман Амантаев осыған дейін бқл оқиғаның басқа нұсқасы бар екенін айтқан. Ол сол күні мейрамханада барлығы бірге отырып және жігіттердің қыздар төбелесін ажыратқанын айтқан. Мусинованы Амантаевтың айтуынша, жігіттер үйіне апарып тастамақ болған. "Осы бір уақытта қыздың ағасы келіп, қарындасымды зорлады деп жала жапқан. Осыдан кейін ағайындыларды қамауға алған", - деді ол.

Еске салайық, бұл оқиға тамыз айында болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. 

Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. "Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық ІІД тергеушілері мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық төрт күдікті анықталды. Екеуі ұсталды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды. Адам ұрлау және зорлау ісі бойынша. Күдіктілердің әрекетінде өзге де қылмыс түрі бар болуы мүмкін. Тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай