10 қараша 2016 18:23

Есіктегі жаппай зорлау оқиғасы: Прокурор сотталушыларға 11 жыл сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жібек Мусинова Жібек Мусинова

Еңбекшіқазақ аудандық сотында зорланған Жібек Мусиноваға қатысты істің жарыссөзі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушылар саны төртеу. Сот отырысының барлық процесі жабық түрде өтті.

Жәбірленушінің адвокаты Айман Омарованың айтуынша, прокурор барлық сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Айта кетейік, сот ғимаратының алдында бір топ жас жігіттер мен қыздар жиналып, үлкен қағаздарға мынадай жазбалар жазып келген: "Әділ сот үшін", "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз" және "Әйел адамды сыйлаңыз".

Еске салайық, Есіктегі жаппай зорлау оқиғасы 14 тамызға қараған түні болған. Бұл іс қоғамда дүрлігу туғызды. 22-29 жас аралығындағы төрт ер адам күдікті, олардың бірі Алматы тұрғыны. Олардың барлығы ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети