18 қараша 2016 | 11:47

Есіктегі зорлау оқиғасы: Екінші тарап жаңа деректерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жібек Мусинаны зорлады делінген сотталушылардың адвокаттары қорғалушыларын толықтай ақтап алмақшы. Олардың айтуынша, қыз өз еркімен сотталушылардың бірімен жақын қарым-қатынасқа барған. Сондай-ақ, сотталушылардың адвокаттары қорғалушыларының Жібек Мусинаны қорқытты деген сөздерін ойдан құрастырылған деп айтты. Айта кетейік, сот жабық тәртіпте өтіп жатыр. Осыған дейін Жібек пен оның адвокаты Айман Омарова журналистерге бірнеше рет сұхбат берген болатын. Өз кезегінде Tengrinews.kz редакциясы сотталушыларға бұл оқиғаға қатысты өз нұсқаларын айтуға мүмкіндік берді. Олардың айтуынша, Жібек Мусина өзінің мақсаттарында журналистерді барынша қолданып отыр. Ол қоғамда Жібекті зардап шегуші болғаны жайлы пікір қалыптастырады. Адвокаттардың айтуынша, ешқандай да зорлау болған жоқ.

Иконка комментария блок соц сети

Олардың айтуынша, Жібек Мусина сотталушылардың бірімен жыныстық қатынасқа өз еркімен түскен. "Дәмханадағы қызметкерлер Жібектің сағат кешкі 19.00-ден таңғы сағат 05.00-ге дейін алкоголь ішімдік ішкенін айтты. Сонымен қатар, ол қорғалушыларымның бірі - Асхат Бектұрсынмен 20 минутқа дәмханадан шығып кеткен болатын. Олар сол уақытта құшақтасып, күліп тұрған, - дейді адвокат. - Ешқандай да зорлау жайлы әңгіме болып тұрған жоқ. Иә, сараптама Бектұрсынның осы іске қатысы бар екенін көрсетті, ал қалған жігіттердің бұған қатысы жоқ. Адвокаттың айтуынша, Жібек Мусинаның ішімдік ішіп, орнында әрең тұрғаны жайлы хабарлаған тергеушілерден де жауап алынды. Олар Жібек мас болғандықтан, түсінік бере алмағанын, сондықтан да бұл деректі тек келесі күні сағат 15.00-де тіркегендерін айтты".

Cонымен қатар, адвокаттар сотталушылардың Жібек Мусинаны қорқытып жатыр дегені жайлы мәліметті теріске шығарып отыр. Айта кетейік, осыған дейін Жібек Мусина сотталушылардың туыстарының оны қорқытқаны жайлы мәлімдеген болатын. 

"Ешқандай да қорқыту жайлы әңгіме болған емес. Оған дәлел бола алатын аудио да, видео да жоқ, - деді Ербол мен Алмас Ермековтардың адвокаты Андрей Иванников. - Бұл тек Жібек Мусинаның айтып отырған сөздері, оған дәлел жоқ. Оны ешкім де қорқытып жатқан жоқ. Сондай-ақ, сотталушылардың оның ағасын ұрғаны жайлы дәлел жоқ. Төбелеске Жібек өз еркімен араласты. Содан ол ұрысқа ер адамдар да араласқан. Ал көлікке Мусина өзі мінді (...) Біз айыптаулардың барлығы негізсіз екенін айта отырып, соттан оларды ақтап шығуын сұраймыз. Себебі ешқандай да зорлау дерегі расталмады", - деді адвокат.

Ал Жібек Мусинаның адвокаты Айман Омарова сотталушылардың айтқандарымен мүлде келіспейді. Оның айтуынша, биологиялық сараптама сотталушылардың Жібек Мусинамен жыныстық қатынасқа түскенін көрсетті. Ал ген-молекулярлық сараптама Жібек Мусина мен Бектұрсынның арасында болған қатынасты растады. 

"Адвокаттар? Олар не, мұның барлығын өз көзімен көрді ме? Олар қалайша мұны өз еркімен болған қатынас деп айтады? Олар айта береді, бірақ сараптама деген бар ғой. Сотталушылардың бірінің Жібек Мусинамен жыныстық қатынасқа түскенін көрсетті. Зардап шегушінің денесінде дене жарақаттары болды, ол бұл қатынастың өз еркімен емес, золау түрінде болғанын көрсетеді. Дәрігерлер де барлығын растады (...) Оны көлікке зорлап отырғызды. Жібекті алып кетіп, қорлаған. Мен барлық төрт сотталушы кінәлі деп санаймын", - деді Мусинаның адвокаты Омарова.

Айта кетейік, бүгін осы іске қатысты сот отырысы қайта өтетін болады. Онда сарапшылар қатысады. Кейін сот үкімін шығарады. Осыған дейін Есікте жаппай зорлау оқиғасы бойынша сот тергеуінің қайта жүргізілетіні хабарланған болатын.

Еске салайық, бұл оқиға тамыз айында болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети