11 мамыр 2019 17:38

Есірткі жарнамаларын таратқан жігіттер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азаматтардың көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері синтетикалық есірткіні ұсынатын интернет-сайт жарнамасын таратқан 30 және 32 жастағы қала тұрғындарын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Олар ғаламтор сайттары арқылы есірткі заттарын өткізу және оларды пайдалануға еліктіруге қатысы бар жарнамаларды таратқан. Оларды ұстау кезінде трафарет пен аэрозоль бояу баллондары тәркіленді. Жыл басынан 100-ден астам осындай сайттар анықталып, оларды  бұғаттау бойынша ақпаратты құзырлы органдарға жолданған", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті осы азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефон нөмірлеріне: 71-63-93, 71-62-60 немесе 102 хабарласуын сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети