"Еуразиялық банк" қызметкері алты миллион теңге ұрлаған

09 Шілде 2014, 11:12
0
"Еуразиялық банк" қызметкері алты миллион теңге ұрлаған - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

"Еуразиялық банктің" Теміртау филиалының жұмысшысы танысымен бірге мекемеден алты миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 шілдеде "Еуразиялық банк" АҚ Теміртау филиалының қызметкеріне бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, ал оның танысы бес жылға сотталды. Екеуі жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

"Еуразиялық банк" АҚ №403 Теміртау бөлімінің кепілсіз несие сату жөніндегі маманы банктен ірі көлемде ақша ұрлап кету қылмысын ойластырған. Ол өзінің жоспарын Қарағанды қаласының 25 жастағы жұмыссыз тұрғынына айтып, оның атына жеке есепшот ашуды ұсынады", - дейді Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 сотының судьясы Жанат Егембердиева.

Банк клиенттерінің компьютерлік мәліметтер базасына аударылған сомаларды өзгертуге мүмкіндігі бар қызметкер жұмыссыз танысының атына ашылған есепшотқа алты миллион теңге салады. Күдік туғызбауы үшін ол аталған бағдарламаға әріптесі жұмыста жоқ кезде оның компьютерінен кірген. Бағдарламада ол банк жетекшілігінің қаражатты алуды мақұлдағаны іспетті етіп, өтінішті толтырған. Содан кейін танысының жеке есепшотының нөмірін енгізіп, оған ақша аударады.

Бір тәулік ішінде банк қызметкері "Еуразиялық банк" АҚ-ның түрлі бөлімшелерінен 3 млн 500 мың теңгені бөліп-бөліп алған. Бірнеше күннен соң банктің №405 бөлімшесіне барып, тағы 2 млн 500 мың теңгені алмақ болады. Бірақ бұл кезде банктің ішкі қауіпсіздік қызметі барлық филиалға бұл есепшоттың жалған екенін және банктен ақша ұрланғанын хабарлап қойған еді. Сөйтіп, банк филиалының ғимаратында екі күдікті ұсталды. Судьяның ақпаратына қарағанда, тергеу органы оларға алаяқтық жолмен қаржы ұрлады деген айып таққан. Сот бұл екеуінің кінәсі дәлелденді деп есептейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай