22 желтоқсан 2017 15:48

Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында болған өртке қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 2gis.kz © 2gis.kz

"Еуразиялық банк" АҚ-нің елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқанов АҚШ азаматы Вулис Феликстің бұйрықтарын орындағанын мәлімдеді. Нәтижесінде банктен 5,939 миллион доллар ұрланып отыр. Бұл туралы соттың үкімінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Еуразиялық банк" АҚ-нің елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқанов АҚШ азаматы Вулис Феликстің бұйрықтарын орындағанын мәлімдеді. Нәтижесінде банктен 5,939 миллион доллар ұрланып отыр. Бұл туралы соттың үкімінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің филиал басшысының 10 жылға сотталғаны хабарланған еді.  Мұрат Мұқановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 2-пункті ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру"), 189-бабының 4-бөлігінің 4-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отырғаны хабарланған еді. 

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, Мұқанов ақшаны касса меңгерушісі Ақмарал Меңдалиевамен бірге жымқырған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Меңдалиева Мұқановтың бұйрығымен кассирларға клиент Феликс Вулистің шотына банктің автоматтандырылған жүйесінде ақша аударуды тапсырған. 

Өз кезегінде Мұқанов клиент Феликс Вулистен келіп отырған кіріс кассалық ордерлерге қол қойып отырған.

"Салдарынан "Еуразиялық банк" АҚ филиалына жалпы көлемі 5939000 доллар көлемінде шығын келтірілген, яғни, 1 848 394 970 теңге болған", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2017 жылдың 30 мамырында Мұқанов қылмыстық жауапкершіліктен құтылмақшы болып сағат 19.02-де кассаға кіріп, онда отырғандардан шығуларын сұрап, Меңдалиевадан қайта есеп кассасының кілтін сұрап, кіріп, ішінен жауып алған.

Сотта Мұқанов кінәсін толықтай мойындаған жоқ. Сотталушы Феликс Вулистің  "Еуразиялық банк" АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі екенін және ENRC бас атқарушы директоры екенін айтты.

Сонымен қатар, сотта Феликс Вулистің берген түсініктемелері келтірілді. Оның банктің VIP клиенті екені және Мұқановтың оның өтініші бойынша қаражаттарды бақылап, кейінірек оларды Вулистің шотына аударып келгені белгілі болды.

Биыл қыркүйек айында Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақшаның өртенгені хабарланған болатын.  Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқаны айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети