НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

"Гарант 24 ломбард" ісі: күдіктілерден не тәркіленді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тергеу органдары "Гарант 24", "ЕSTATE Ломбард" және "Выгодный займ" ломбардтарының қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша күдіктілердің мүлкін тәркіледі. Тәркіленген мүліктің жалпы құны шамамен - бір жарым миллиард теңге. ІІМ тергеу органы мыңдаған қазақстандық зардап шеккен істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тергеу органдары "Гарант 24", "ЕSTATE Ломбард" және "Выгодный займ" ломбардтарының қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша күдіктілердің мүлкін тәркіледі. Тәркіленген мүліктің жалпы құны шамамен - бір жарым миллиард теңге. ІІМ тергеу органы мыңдаған қазақстандық зардап шеккен істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, соттың шешімімен күдіктілерден тәркіленген мүлік жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге жұмсалады. Шығынды өтеу жұмыстары мен оны бөлу соттың шешімімен жүзеге асырылады. 

Әділов күдіктілердің мүлкін атады. Автокөліктерден: жеңіл, жүк, автокрандар мен қарда жүретін көлік. Жылжымайтын мүліктен: пәтерлер, жеке үйлер, жер учаскелері, тұрақ орындары, кафе-бильярдтың бір комплексі. 

"Күдіктілер мұның бәрін жалған мекемеде істеп жүрген кезде алған. Сонымен қатар, 58 миллион теңге тәркіленді. Тыйым салынған мүліктің жалпы сомасы - 1 миллиард 700 миллион теңге. Сондай-ақ азаматтар ломбардқа қойған заттар да тыйым салынған мүлік қатарында. Ол жерде көбіне көлік - 1572, жылжымайтын мүліктен - үй, жер учаскесі, 40 пәтерді қабылдаған", - дейді Санжар Әділов. 

Полицияға жалпы 16 953 адам шаым түсірген. Олар 21 миллиард теңгеден аса сома залал келтірілгенін мәлімдеді.

Алаяқтық ісі бойынша тергеу 21 жылдың 2020 ақпанында басталды. Полицейлер бірден 15 өңірлік директорды ұстады. Осы ЖШС-нің тағы үш директоры мен үш құрылтайшысы - Есіркепов, Мырзабеков, Елеуовке іздеу жарияланды.

Жалпы алғанда, қылмыстық іс бойынша 48 адам күдікті деп танылды.

Еске салайық, 21 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында "Гарант 24" және "Estate Ломбард" салымшылары компания кеңсесіне жиналып, салған ақшасын қайтап беруді талап еткен болатын.

Полиция "Гарант 24" компаниясына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар ломбард иелерінің әрекетінен сан соғып қалған қазақстандықтарға полицияға арыздануға кеңес берді.

Кейін "Гарант 24 Ломбард" және "Выгодный займ" компанияларының басшысы Аслан Мырзабеков шетелде ұсталды. 

Сондай-ақ, бұл компанияларды жарнамалаған танымал қазақстандықтар мәлімдеме жасағанын, бұл мәселеге қатысты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың пікірін жазғанбыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer