"Гарант 24 Ломбард" ісі: 22 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасының ісіне қатысты пікір білдірді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасының ісіне қатысты пікір білдірді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қылмыстық ісін тергеу аяқталды. Осы қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, онда 150-ден аса тергеушілер мен анықтаушылар болды. Жұмыс барлық аумақтық бөлімшеде жүргізілді. Біз қылмыстық әрекеттің 33 эпизодын тіркедік. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 56 адам тартылып, бес адам іздестіріліп жатыр", - деді Әділов ІІМ онлайн-брифингінде.

Полицияға 18 мыңнан аса адам өтініш білдірген.. Жәбірленушіге 22 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

"Гарант 24 ломбард" ісі: күдіктілерден не тәркіленді?

"ІІМ-де жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеудегі адамдардың басым бөлігі ұсталды. Ұлттық ұланның көмегімен Молдоваға, Қырғызстанға және Түркияға арнайы ұшып бардық, сол жерден біз іздестірілген адамдарды жеткіздік", - деп қосты Әділов.

Оның айтуынша, күдіктілерден 70 миллион теңгеден аса қаржы тәркіленген.

"Бұл 15 автомобиль, екі жүк самосвалы, екі автокран, қарда жүргіш құрал, 29 пәтер мен үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кафе-бильярд бөлмесі.

Тәуелсіз сарапшылар жүргізген бағалау бойынша күдіктілердің тыйым салынған мүлкінің жалпы құны 22 миллиард теңгеден асады. Тергеу барысында біз төрт үйге, 140 пәтерге, 1572 автокөлікке тыйым салдық. Компанияның барлық кеңсесінде тінту жүргіздік, құжаттар мен заттай дәлелдемелерді алдық", - деді Тергеу департаментінің басшысы.

Еске салайық, бұл іс бойынша тергеу биыл 21 ақпанда басталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer