09 маусым 2022 06:48

Хромтау тұрғыны алаяққа сеніп, 10 миллион теңгесінен айырылып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяққа алданып барлық жинаған ақшасынан айырылып қалған, - деп хабарлайды "Диапазон".


Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяққа алданып барлық жинаған ақшасынан айырылып қалған, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, Хромтаудың 53 жастағы тұрғынына телефон арқылы бейтаныс адам хабарласып, өзін екінші деңгейдегі банктің қызметкері ретінде таныстырған. Сенімге кірген қаскүнем алаяқтан өз аккаунттарын қорғауды ұсынып, SMS хабарламадан кодты айтуды ұсынады. Кодты алған алаяқ әйелдің үш банк шотындағы барлық жинаған ақшасын өз картасына аударған.

Осылайша, Хромтау қаласының тұрғыны 10 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети