05 наурыз 2020 09:34

Инспектор Қаныш Нұртазиновтың өлімі: браконьерлерге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облыстық соты "Охотзоопром" қызметкерлеріне оқ атқан браконьерге үкім шығарды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Ақмола облыстық соты "Охотзоопром" қызметкерлеріне оқ атқан браконьерге үкім шығарды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Ақбөкендерді шетінен қырып жүрген Анатолий Бонякевичтің атқан оғынан табиғат қорғау инспекторы мерт болып, тағы бір қорықшы ауыр жараланған еді.

"Жалпы көлемде 18 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Жәбірленуші Тұяқованың талап арызымен 10 миллион теңге шамасында моральдық өтемақы өтеу және жәбірленуші Оспановқа 1,5 миллион теңге моралдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарылды", - деді судья Торқалы Бектұрсынов. 

Браконьер жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Бұл қанды оқиға кезінде Анатолий Бонякевичтің 13 жастағы ұлы қасында болған. Ол бұл істе куәгер ретінде қатысты.

Қайтыс болған "Охотзоопром" инспекторының артында бес баласы қалды

Еске салайық, оқиға былтыр шілдеде болған. Жарқайың ауданында "Охотзоопромның" инспекторлары заңсыз аң аулап жүрген "Нива" автокөлігінің соңына түсіп, жолын кеспек болғанда браконьер қос ауыз аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Осы кезде инспектор Қаныш Нұртазинов қайтыс болған еді. Ал онымен бір көлікте болып, жүрек тұсынан жараланған Самат Оспанов қазір қызметіне қайта кіріскен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети