05 қыркүйек 2014 | 13:15

Интерпол іздестіріп жатқан қазақстандықтардың тізімі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интерпол Мұхтар Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаевты іздеуді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми порталына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 2013 жылдың шілдесінде Шалабаев іздеу жарияланған қазақстандықтардың қатарында болған. Оны іздеуге тапсырысты Украина билігі берді. Қазір сайттан Shalabayev Syrym дегенді іздеген кезде ешқандай мәлімет шықпайды.


Иконка комментария блок соц сети

Интерпол Мұхтар Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаевты іздеуді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми порталына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 2013 жылдың шілдесінде Шалабаев іздеу жарияланған қазақстандықтардың қатарында болған. Оны іздеуге тапсырысты Украина билігі берді. Қазір сайттан Shalabayev Syrym дегенді іздеген кезде ешқандай мәлімет шықпайды.

2013 жылдың 26 шілдесіндегі скриншот.

Ресей Федерациясының тапсырысы бойынша іздестіріліп жатқан Мұхтар Әблязовтің өзі Интерполдің тізімінде әлі тұр, ол Францияда әлдеқашан ұсталып, қазір оны экстрадициялау мәселесі қаралып жатқан болатын. Бірақ хабарландырудың түрі өзгерген. Егер 2013 жылы олигарх ұсталғанға дейінгі фотосуретінде ол жанына қарап тұрған болса, қазіргі суретінде төмен қарап тұр.

2013 жылдың 26 шілдесіндегі скриншот.

2014 жылдың 4 қыркүйегіндегі скриншот.

Сырым Шалабаевтан бөлек, Интерполдың тізімінен тағы бес қазақстандық шығып қалған. Атап айтқанда, ҚМЭБИ-дің бұрынғы есепшісі Елена Данилованың мәліметтері сайттан алынған. Ол 2011 жылы ұсталып, 2013 жылы экстрадицияланған еді. 2014 жылдың маусымында Алматыдағы Медеу аудандық соты 14 млн теңге жымқырғаны үшін оған шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Интерпол сайтынан бүгінде 45 жастағы Дидар Наймантаевтың мәліметтерін де таба алмайсыз, 2010 жылы MSN.KG-тің хабарлауынша, Қырғызстанның құқық қорғау органдары оны Бішкектегі "Айчурек" орталық әмбебап дүкенінде жарылыс жасауға дайындалған деген күдікпен іздестірген болатын. 

2013 жылдың 26 шілдесіндегі скриншот.

Интерпол бүгінде 47 жастағы қазақстандық Ихар Бачарды да іздестіруді тоқтатты. Интерпол оны пара алуға бопсалау бабымен айып таққан Беларусьтің тапсырысы бойынша іздестірген еді. Сол сияқты Интерпол сайтында Оңтүстік Корея билігі іздеу жариялаған 38 жастағы Андрей Кан мен 2011 жылдың 6 мамырында Астана қаржы полициясы "Пара алу" бабы бойынша айыптаған 31 жастағы Тілекжан Сейітқалиев туралы мәліметтер де алып тасталған. 

Дегенмен Интерпол іздестіріп жатқан қазақстандықтардың тізімі жаңа есімдермен де толыққан. 2013 жылдың шілдесінен бері тізімге жеті адамның мәліметі қосылыпты. Олардың арасындағы ең танымалы - Виктор Храпуновтың ұлы - Ілияс. Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті, қылмыстық қоғамдастыққа қатысты, заңсыз жолмен табылған қаржы мен басқа да мүлікті заңдастырды деген күдік келіп отыр.

Интерполдың тізіміне Алматы облысының 44 жастағы тұрғыны Витта Махмаханов та қосылған. Ол кісі өлтіру, қару-жарақ пен жарылғыш затты заңсыз сатып алу, сақтау, сату, тасымалдау айыбы бойынша іздестіріліп жатыр. Іздеуге тапсырысты Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасы берген. Махмахановты іздеу туралы іс 2014 жылдың 17 маусымында қозғалды. Қазақстанда оған қатысты "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған, кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін.

2014 жылдың 3 қыркүйегіндегі скриншот.

Бұдан бөлек, "аса танымал емес" қазақстандықтар да бар. Олар: кісі өлтірді деген айып тағылған 27 жастағы жаңатастық Мейрамбек Исмаилов, алаяқтығы үшін айыпталып отырған 34 жастағы талдықорғандық Ержан Желдібаев, Қырғызстан билігінің мәліметінше ұрлық жасаған 34 жастағы Андрей Марченко, алаяқтық жасағаны үшін Ауғанстан билігі іздеу жариялаған 46 жастағы Ербол Машанов және тағы басқалар.

2014 жылдың 3 қыркүйегіндегі скриншот.

Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында туған 40 жастағы Николай Павлюк Интерпол сайтында Ресейдің, Қазақстанның және Эстонияның азаматтығын қатар алған адам ретінде көрсетілген. Ол 1999 жылы түрмеден қашып кеткені үшін іздестіріліп жатыр. Оған РФ құқық қорғау органдары "есірткі заттарын қолдануға, зорлық-зомбылық жасауға бейім, қарулы болуы мүмкін" деген сипаттама берген.

2014 жылдың 3 қыркүйегіндегі скриншот.

Айта кетейік, Tengrinews.kz редакциясына Интерпол іздеу жариялағандардың тізіміне енген Дәулетжан Төленов хабарласқан болатын. Ол алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Төленов бізге Қызылорда облыстық қаржы полициясы қызметкері Ғибрат Нұрмағанбетов қол қойған құжатты ұсынды. 21 тамыз күнгі анықтамада іздеудің тоқтатылғаны айтылған. Қаржы полициясы өкілінің хабарлауынша, іздеудің тоқтатылуына қылмыстық істің қозғалмауы себеп. Құжаттар Интерполға жіберілді. Дегенмен оны іздеу туралы хабарландыру Интерполдың сайтында әлі тұр.

2014 жылдың 4 қыркүйегіндегі скриншот.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың шілдесінде Tengrinews.kz Интерполдың 56 қазақстандықты іздестіріп жатқанын хабарлаған еді. Қазіргі уақытта іздеу жарияланған қазақстандықтардың қатары 57 адам болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети