03 маусым 2014 17:30

Әблязов ісі: Ресей мен Украина тыңдауларға қатысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости

Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қол жеткізуді көздейтін Ресей мен Украина тараптарына сот тыңдауларына қатысуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Лиондағы апелляциялық соттың тергеу палатасы 3 маусым күні Әблязов ісін қарады.


Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қол жеткізуді көздейтін Ресей мен Украина тараптарына сот тыңдауларына қатысуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Лиондағы апелляциялық соттың тергеу палатасы 3 маусым күні Әблязов ісін қарады.

Сот тыңдаулары әуеліде 12 маусымға жоспарланған еді, бірақ кейін істі қарау біраз уақытқа шегерілді. Ол қыркүйектен кейін өтуі мүмкін. Лиондағы апелляциялық сот қаулысында Ресей мен Украина өкілдеріне тыңдауға қатысуға рұқсат етілетіні, бірақ олардың тергеу құжаттамасын алуға немесе оған материалдар қосуға мүмкіндік берілмейтіні айтылған.

Еске салайық, өткен жылдың 31 шілдесінде ұсталған Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына Ресей, Украина мен Қазақстан қол жеткізуді көздейді. Биылғы қаңтар айының басында француз соты олигархты Ресейге немесе Украинаға беруге қаулы етті. Бірақ сәуір айында ұйымдастырудағы қателікке байланысты сот экстрадиция туралы шешімді уақытша тоқтатты.

Қазақстанда экс-банкир БТА банкінің 6 млрд доллардан астам қаражатын жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтыққа барды деп айыпталып отыр. Егер оның ісі Қазақстанда қаралса, оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Ресей билігі бұл олигархты 5 млрд долларды, украин тарапы 400 млн долларды жымқырды деп айыптайды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети