Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Интерпол Ілияс Храпуновқа іздеу жариялады

14 Шілде 2014, 14:09
0
Ілияс Храпунов. ©Interpol.int
Ілияс Храпунов. ©Interpol.int

Алматы қаласының бұрынғы әкімінің ұлы Ілияс Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды. Интерполдың сайтына оны іздестіру туралы бағыттама орналастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz

30 жастағы Ілияс Храпуновқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды, қылмыстық қоғамдастыққа араласты, заңсыз жолмен алынған қаражат пен басқа мүлікті заңдастырды деген күдік келіп отыр. Интерпол Храпуновтың баласы туралы білетіндердің бәріне хабарласуды өтінеді. 

Бұған дейін Женева прокуратурасының Храпуновтар отбасын ақшаның ізін жасырды деген күдікпен тергей бастағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Храпуновтардың Credit Suisse және Schroder & Co Bank AG қаржы ұйымдарындағы есепшоттары түгел тоқтатылып, құжаттамалары тәркіленген. Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейлаға қатысты қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, иемдену, талан-таражға салу жолдарымен бюджет қаражатын жымқыру, қылмыстық табыстарды заңдастыру, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару деректері бойынша барлығы 24 қылмыстық іс қозғалған. Бұл екеуі де Интерпол желісі бойынша іздестіріліп жатыр. Биылғы маусым айында Қазақстан Алматының экс-әкімін экстрадициялауға сұрау салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ілияс Храпуновтың Швейцарияда тұрып жатқаны хабарланған еді. Ол БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігінде Орталық Африка Республикасының дипломатиялық миссиясы кеңесшілерінің бірі болып шықты. 2010 жылы Ілияс Храпунов Швейцарияның ең бай тұрғындарының қатарына енген. Ол қымбат жобаларды инвестициялаумен айналысатын Swiss Development Group компаниясының негізін қалаған. Өткен жылдың сәуір айында Виктор Храпуновтың ұлы фирмасын кәсіпкер Филипп Глацқа сатты деген хабар тарады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай