13 маусым 2014 20:35

Қазақстан Храпуновты экстрадициялауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото viktor-khrapunov.com сайтынан алынды Фото viktor-khrapunov.com сайтынан алынды

Қазақстан Алматы қаласының экс-әкімі Храпуновты экстрадициялауды сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.


Қазақстан Алматы қаласының экс-әкімі Храпуновты экстрадициялауды сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

"ҚР Бас прокуратурасы Швейцария аумағында Храпуновқа қатысты ешқандай да тергеу амалдарын жүргізген жоқ. Ағымдағы жылдың наурыз айында біздің құзырлы органдар өкілдері Швейцария билігінің бақылауындағы Храпуновты беру туралы тек Швейцарияның дипломатиялық қызметіне сұрау салған болатын", - деп көрсетілген Tengrinews.kz-тің ресми сұрағына берілген жауапта.

Бұған дейін жергілікті БАҚ-та қазақстандық құқық қорғау органдары Швейцария аумағында заңға қайшы әрекеттерге барды деген күдік тудыратын мәлімет тараған болатын. Алайда "Бас прокуратураға мұндай мағынадағы ресми ақпарат түспеген және оған негіз де жоқ", - делінген мәліметте.

Еске саламыз, дәл қазіргі уақытта Швейцарияда тұрып жатқан Виктор Храпунов пен оның жұбайы Ләйлә Храпуноваға қатысты осы уақытқа дейін жалпы саны 24 қылмыстық іс қозғалған.  Виктор Храпунов 2007 жылы еліміздің төтенше жағдайлар министрі болып тұрған шақта "Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған кезінде қала маңындағы мемлекет бақылауында болған жер телімдерін заңсыз сатты" деген айып тағылғаннан кейін бірден қызметінен босатылған болатын.  

Храпунов төтенше жағдайлар министрі қызметінен босаған бойда Швейцарияға кетіп қалған еді. 2012 жылы 8 ақпанда оның әйелі Ләйләға да халықаралық іздеу жарияланды.  Жуырда Женева прокуратурасы Храпуновтың отбасына қаржы жымқырды деген айыппен тергеу амалдарын жүргізуді бастады деген мағынада мәлімет тараған болатын. Қазіргі уақытта Храпунов отбасына тиесілі Credit Suisse и Schroder & Co Bank AG банктеріндегі есеп-шоттар жабылып, барлық құжаттар алынған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети