"Инвестмент-18" қаржы пирамидасының ісі: сот үкімі қайта қаралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Инвестмент-18" қаржы пирамидасының ісі: сот үкімі қайта қаралды Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанның апелляциялық соты "Инвестмент-18" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылдың 26 ​​сәуірінде А. және Т-ға қаржы пирамидасын құрғаны үшін 7 жыл мерзімге қаражат жинауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

А. мен Т. қаржы пирамидасын құрып, WhatsApp чаттары арқылы 35-тен аса жәбірленушінің қаражатын тартып, оларға аса ірі көлемде материалдық шығын келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

"Апелляциялық сот шешімі бойынша, бірінші сатыдағы соттың Қылмыстық кодекстің 55-бабын дұрыс қолданбауына байланысты ("Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау") кінәлі адамның жазасы 6 жыл 8 айға дейін ұзартылды.

Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Яғни, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігінің нормаларын ескере отырып (жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде) кінәліге тағайындалатын жаза санкцияда көзделгеннен төмен болмауы керек еді", - делінген хабарламада.

Апелляциялық инстанция үкімімен түзетілді. Сот актілері заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +30
Ақтау +35
Ақтөбе +29
Атырау +28
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +32
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +34
Т
Талдықорған +35
Тараз +39
Түркістан +29
О
Орал +29
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер