14 ақпан 2022 17:16

Жамбыл облысында 19 жастағы тұрғын қару-жарақ жасырған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны автомат, газ тапаншалар мен оқ-дәрілерді жасырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны автомат, газ тапаншалар мен оқ-дәрілерді жасырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтады.

"Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру кезінде пакеттерден Калашников автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 оқ-дәрі және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 оқ-дәрі тәркіленді", - деді ІІМ өкілі.

Ұсталған адам кінәсін мойындады. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі "Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети