12 қараша 2021 14:02

Жамбыл облысында шекарада жанармай өткізуге арналған құбыр табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Меркі ауданында шекарашы шекарадан жанар-жағармай өткізу мақсатында жасалуы мүмкін жер астындағы заңсыз құбырды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.

Заңға қайшы әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауға шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің, полиция департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен бірлескен жедел-тергеу тобы құрылғаны белгілі болды.

Іс материалдары Жамбыл облысы Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін тапсырылды.

2019 жылдың қазанында Қырғызстанның қаржы полициясы Қазақстаннан республикаға заңсыз отын жеткізген қылмыстық топты әшкереледі. Контрабандашылар бензинді 3 шақырымдық құбыр арқылы жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети