Жамбыл облысында үйлену тойы болған жігітті өлтірген полицей сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жамбыл облысында үйлену тойы болған жігітті өлтірген полицей сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
25 жастағы азаматты өлтірді деп айыпталған учаскелік инспекторға бүгін сот үкім кесті. Полицияның экс-капитаны Ержан Қуанышбековтің марқұм Ерік Төреқұловты өлтіргені дәлелденіп, ол 9 жыл жаза арқалады.
Марқұмның жақындары шешіммен келіскенімен, осы қылмыстық іске қатысы бар тағы екі полицейдің әлі күнге бостандықта жүргеніне наразы. Сондықтан сотталушының сыбайластарын да түрмеге тоғытуды талап етуде.
Еске салайық, оқиға биыл шілде айында Тұрар Рысқұлов ауданында болған. Өз үйлену тойының ертесіне туыстарымен таудағы су қоймасына шомылуға барған Ерік Төреқұлов күзетшімен жағаласып, сол жерден үш полицей оны көлікке салып күштеп әкетеді. Артынша машинаға мінген 25 жастағы жігіттің өлі денесі ауруханаға жеткізілген. Сараптама марқұмның асқазанындағы ұйқы безі жарылып, ішіне қан құйылғанын растады. Әрі миына да қан кетіп, көз тамырының жарылғанын көрсеткен. Яғни ол азаппен өлген дейді әкесі. Сондықтан баласын жауыздықпен өлтірген инспекторларды түгел жазаға тартқызбақшы.
"Ауранбеков және Ескендіровке қатысты прокуратура тергеу амалдары жүріп жатыр деген. Бірақ оларға ешқандай жаза қолданған жоқ. Олар қызметтерінде жүр", - деді қаза болған жігіттің әкесі Қуанышбек Төреқұлов (Дереккөз: КТК).