Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Үйлену тойынан кейін қайтыс болған жігіттің дерегі бойынша прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр

28 Шілде 2016, 20:08
0

Жамбыл облысының прокуратурасының Арнайы прокуратуралар басқармасы Үйлену тойынан кейін қайтыс болған жігіттің дерегі бойынша 362-баптың 4-бөлігінің 1-пункті ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра
пайдалану") бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне бақылау ведомствосындағылар хабарлады.

Сонымен қатар, жігіттің 2016 жылдың 14 шілдесінде қаза болғаны хабарланып отыр. 25 жастағы Ерік Төреқұловтың жұмбақ өлімі жұрттың жағасын ұстатты. Жігіт үйлену тойынан кейін ертесі күні мәйітханадан табылған. Жігіт достарымен бірге тойлап жүрген. Олар Қарақыстақ су электр станциясының маңында шомылуға тыйым салынған жерде көңіл көтерген. Бөгеттің күзетшілері жігіттердің кетуін сұраған, алайда олар кетпеген. Сол уақытта күзетшілер жасақты шақыртқан, полицейлер келгенде олар Еріктің басты бұзақы екенін айтыпты.

Ерік осылайша полицейлердің қолына түскен. Алайда оны полиция бөліміне жеткізбеген. Полицейлер оны аудандық ауруханаға апарыпты. Дәрігерлер клиникалық өлім жағдайында болғанын айтып отыр. Олар оған ем көрсеткен, адреналин еккен, жүрегіне уқалау шарасын жасаған. Алайда бұл әрекеттері нәтиже бермеген. Полициядағылар қаза тапқан адамға қатысты "Бұзақылық" және "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша екі істің қозғалғанын айтып отыр. "Қарсылық көрсетіп, төбелесуі кезінде алған жарақатымен аудандық ауруханаға куәландыру үшін жеткізілді. Орталық аудандық ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлер ұсталған адамның өлімін тіркеді. Осы іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды", - деген еді Жамбыл облыстық ІІД ақпарат бөлімінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай