28 шілде 2016 09:40

Жамбыл облысында үйлену тойы өткен жігіт ертесі күні мәйітханадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Жамбыл облысында 25 жастағы Ерік Төреқұловтың жұмбақ өлімі жұрттың жағасын ұстатты. Жігіт үйлену тойынан кейін ертесі күні мәйітханадан табылған, - деп хабарлайды КТК.


Жамбыл облысында 25 жастағы Ерік Төреқұловтың жұмбақ өлімі жұрттың жағасын ұстатты. Жігіт үйлену тойынан кейін ертесі күні мәйітханадан табылған, - деп хабарлайды КТК.

Жігіт достарымен бірге тойлап жүрген. Олар Қарақыстақ су электр станциясының маңында шомылуға тыйым салынған жерде көңіл көтерген. Бөгеттің күзетшілері жігіттердің кетуін сұраған, алайда олар кетпеген. Сол уақытта күзетшілер жасақты шақыртқан, полицейлер келгенде олар Еріктің басты бұзақы екенін айтыпты.


Осы үйде Ерік Төреқұлов тұрған. © ktk.kz

Ерік осылайша полицейлердің қолына түскен. Алайда оны полиция бөліміне жеткізбеген. Полицейлер оны аудандық ауруханаға апарыпты. Дәрігерлер клиникалық өлім жағдайында болғанын айтып отыр. Олар оған ем көрсеткен, адреналин еккен, жүрегіне уқалау шарасын жасаған. Алайда бұл әрекеттері нәтиже бермеген. 


Өлім алдында оның тойы өткен. © ktk.kz

Полициядағылар қаза тапқан адамға қатысты "Бұзақылық" және "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша екі істің қозғалғанын айтып отыр. "Қарсылық көрсетіп, төбелесуі кезінде алған жарақатымен аудандық ауруханаға куәландыру үшін жеткізілді. Орталық аудандық ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлер ұсталған адамның өлімін тіркеді. Осы іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды", - деді Жамбыл облыстық ІІД ақпарат бөлімінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.


Туыстары жігітті жоқтап жатыр. © ktk.kz

Ал марқұмның достары сол күні ішімдік ішкенін, Еріктің полицияға қарсылық білдіргенін жоққа шығармады, тіпті үш полицейдің бірін тістеп алыпты. Көлік жүріп кеткеннен кейін не болғанын ешкім білмейді. Достары оны ауруханада өлі күйінде тапқан. 

"Біз сәл төменге барып тұрдық. Жарты сағаттан кейін жеке көлік келіп тоқтады, одан полицей шықты. Олар Ерікті дереу ұстап алды, себебін айтпады, көлікке отырғызып жатты. Оны артқы орындыққа отырғызды, біреуі оның басына отырып алды, тағы біреуі ішіне отырды. Осыдан кейін тәртіп сақшысы "миллион теңге берсеңдер, жіберемін" деді. Сосын кетіп қалды", - деді марқұмның досы Әли Башаев.


Марқұмның досы Әли Башаев. © ktk.kz

Марқұмның туыстары мен жақындары оны біреулердің өлтірген деген сенімде. "Менің жалғыз ұлымды өлтіріп кетті. Сенімдімін. Қалыңдығы жүкті. Енді оның өмірі не болады? Енді не істейміз?", - деп жылайды жігіттің әкесі Қуанышбек Төреқұлов.


Жігіттің әкесі Қуанышбек Төреқұлов Ерікті біреулердің өлтіріп кеткеніне сенімді.© ktk.kz


© ktk.kz

Ерік Төреқұлов үйлену тойының ертесіне қайтыс болды. Тойға бір жыл бойы ақша жинапты. Оның әйелі енді жесір қалды. Полицейлердің әрекетін облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының өкілдері сараптап жатыр. Өлім себебі бір айдан кейін, сот-медициналық сараптама дайын болғанда жарияланады. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети