16 қараша 2016 19:40

Жамбыл облысының полицейлері Тәжікстан азаматтарынан қыруар қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жамбыл облысының полицейлері Тәжікстан азаматтарынан қыруар қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысының полицейлері Тәжікстан азаматтарынан қыруар қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 1 қарашасында сағат 01:45-те Тараз қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының пультіне Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан, жұмыс істемейтін бекеттің маңында белгісіз біреулердің өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, Тәжікстан Республикасының азаматтарынан 255 000 рубль сомасында қаражатты ашық жымқырып кетті деген ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.

Полициядағылардың айтуынша, Тәжікстан Республикасының Хамадони қаласының төрт тұрғыны үш автокөлікпен (Зил-5301 және Зил-131) Тәжікстан Республикасына қарай жол жүріп бара жатқан. 2016 жылдың 31 қазанында шамамен сағат 22.30-да шетелдіктер Қырғызстанға өтпек болып, жолда адасып, Жамбыл ауданында тоқтайды. 

Осы уақытта олардың маңына қара түсті көлік тоқтап, ішінен полиция формасын киген алты адам шыққан. Олардың бірінің шені аға сержант екен. Олар өздерін полицейміз деп таныстырып, көлік пен жүктің құжаттарын талап еткен. Тексерістен кейін көліктердің салонын тексере бастап, жүргізушілердің жеке заттарын, оның ішінде 255 000 рубль мен қазақстандық теңге бар қол сөмкесін жинап алған. Ал қарап болғаннан кейін шетелдіктерге ақшадан басқасының барлығын қайтарып берген. Осыдан кейін олар кетіп қалған. 

"Бұл дерек Жамбыл аудандық ІІБ соталды тергеудің бірыңғай реестрінде 1 қазанда тіркелді. Қылмыстық істі тергеу барысында күдікті ретінде Тараз қалалық ІІБ-нің екі инспекторы, сонымен қатар бір азаматтық тұлға анықталып, ұсталған, кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта қылмыстық басқа қатысушыларын анықтау мақсатында шаралар жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Алайда қазіргі уақытта Тәжікстан азаматтарының өз отанына кетіп қалғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети