11 қаңтар 2022 09:18

Жамбылда Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екі күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: Brett Hondow/Pixabay Иллюстрациялық сурет: Brett Hondow/Pixabay

Жамбыл облысында Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 7 қаңтарда Қордай ауданында Алматы-Ташкент тас жолындағы блокбекетте мемлекеттік номерсіз жүрген Subaru Forester автокөлігін тоқтатқан. Көліктің ішін тінту барысында 12 калибрлі 10 мылтық, 1 пневматикалық тапанша және жүксалғыштан аңшылыққа арналған құралдар анықталған.

"Тергеу барысында 24 жастағы автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушының Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екені анықталып, қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети