Жасөспірімдер Алматы метросына "Бомба" жазуы бар қап қойып кетті

12 Қараша 2014, 13:25
0
Жасөспірімдер Алматы метросына "Бомба" жазуы бар қап қойып кетті - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Жасөспірімдер Алматы метросына "Бомба" жазуы бар қап қойып кетті. Полиция бұл оқиғаға қатыстыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қараша күні 18.00-де "Алатау" станциясындағы электр пойызы салонының жоспарлы тексерісі кезінде кинолог-полицей күмәнді қап тапты. Содан кейін Бостандық ауданы ІІБ жедел-тергеу бөлімінің тобы қызметтік-іздеу итін қолдану арқылы оқиға болған жерді тексерді.    

"Полиэтиленнен жасалған көк түсті қап мұқият қаралды, оның ішінде аяқ киімге арналған қатырма қорап болды. Іші пенопластпен, акустикалық динамикпен және электр жіптерімен толтырылған. Жарылғыш құрылғы табылмады", - делінген департаменттің Алматы метросындағы оқиға туралы хабарламасында. Полицейлердің айтуынша, жедел шаралар ұйымдастырылып, оның барысында 15-18 жас аралығындағы төрт жасөспірім анықталды. Оның үшеуі кәмелет жасына толмаған. "Екеуі жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, тағы екеуі - қалалық колледждердің бірінің студенті", - деп хабарлады метрополитендегі ІІБ бастығы Ербол Кенеев.

ІІД мәліметі бойынша, ұсталғандар Алматы метросында болған оқиғаға қатысы барын мойындады. Олардың ішінде жоспарын жасап, достарын шақырып, заттың пішінін қалай жасағанын айтып берген бастамашысы анықталды. "Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімі қызметкерлері қазіргі уақытта "Ұсақ бұзақылық" бабында қарастырылған құқықбұзушылық бойынша әкімшілік материал жиналды. Бүгін жасөспірімдер Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шешім шығаруға тапсырылады", - деді департамент өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай