25 наурыз 2017 16:09

Желіде гауһар тасы бар әшекей бұйымдарды ұрлағандардың видеосы жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Наурыз мейрамы күндері үш ер адам қарақшылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Екібастұзда Наурыз мейрамы күндері үш ер адам қарақшылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

21 наурызда шамамен 13.00-де қалада Наурыз мейрамына орай іс-шаралар өтіп жатқанда үш ер адам орталық көшелердің бірінде орналасқан сауда және ойын-сауық кешеніндегі зергерлік бұйымдар сататын салонға кіріп барған. Олар гауһар тастары бар әшекей бұйымдарды көрсетуді сұраған. Осыдан кейін қаскөйлер әшекей бұйымдарды алып, сауда үйінен қашып шыққан. 

Полиция оларды ұстап үлгермеген. Алайда тонаушылар видео бақылау камераларына түсіп қалған. 

Ішкі істер басқарсмасының өкілдері әлеуметтік желілерде күдіктілер бейнеленген видеоларды жариялап, халыққа іздестіру жөнінде хабар берген.

Кейін "Полезный экибастузец" тобында видео жарияланды. Онда топтың әкімшісі бір адамның іздестіріліп жатқандардың жасырынған пәтерінің мекен-жайын айтқанын хабарлады. Ер адам пәтерін сол күдіктілерге жалға берген. 

Екібастұздық ішкі істер басқармасының мәліметінше, күдіктілердің біреуі ғана ұсталған. Ол Қарағанды облысының тұрғыны. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қалғандары іздестіріліп жатыр екен.

 

 

21 марта текущего года после совершения ограбления в ТД "Максимол" во всех социальных сетях Управлением внутренних дел в целях установления личностей, совершивших ограбление ювелирных изделий, было распрастранено видео с подозреваемыми лицами. Благодаря чуткости и бдительности наших граждан, а также нетерпимости к преступлениям в родном городе, 24 марта 2017 года в одном из микрорайонов города был задержан один из грабителей, который является жителем Карагандинской области. УВД г. Экибастуза благодарит жителей нашего города за проявленную бдительность и помощь в поимке грабителя. В настоящее время подозреваемое лицо водворено в ИВС, устанавливается место нахождения и личность остальных подозреваемых.

Публикация от УВД г. Экибастуз (@uvd.ekibastuz)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети