14 мамыр 2020 16:55

Желіде полицей мен прокурордың әңгімесі тарады: тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының полиция департаменті Желіде тараған видеоға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысының полиция департаменті Желіде тараған видеоға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған Ербол Еділовтің Telegram-каналында Маңғыстаудағы полиция қызметкері мен прокуратурасының әңгімесі делінген аудиожазбаның тарауы себеп болған.

Жарияланған жазбада полицейдің қызметінен шеттетілгені айтылады. Содан ол прокуратура қызметкерінен көмек сұрайды. Ол болса Маңғыстау облысының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысымен кездестіруге уәде береді, яғни белгілі бір сомаға проблеманы шешіп беруге уәде береді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Өңірлік полиция департаментінің өкілі бұл аудиожазбаға пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысныда 14 мамырда Ербол Еділовтің Telegram-каналында полицей мен прокурордың әңгімесі жазылған аудио жарияланды. Осы аудиоға байланысты полиция департаменті қызметтік тергеу бастады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі..

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети