19 сәуір 2019 08:07

Жетісайдағы сұмдық оқиғадан соң шенеуніктер де жаппай жазаланып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы апалы-сіңлілі жеткіншектерді екі жылға жуық қинап келген өгей шеше екі баппен тергеліп жатыр, - деп хабарлайды КТК тілшісі.


Түркістан облысындағы апалы-сіңлілі жеткіншектерді екі жылға жуық қинап келген өгей шеше екі баппен тергеліп жатыр, - деп хабарлайды КТК тілшісі.

28 жастағы әйел қазір уақытша қамау абақтысында. Тіпті, қыздарының осыған дейінгі жағдайын білмедім деп ақталған әкесіне де қатысты "кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны" үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, аудандағы селқостық танытқан жауапты қызметкерлер де жазасыз қалмайды.

"Жалпы, жаға ұстатарлық бұл жағдайға селқостық себеп болып отыр. Сондықтан, мектеп мұғалімдерінен бастап, директоры бар, білім бөлімі басшысы мен аудан әкімінің орынбасарының мәселесі май шаммен қаралатын болады. Қазір, бұл мәселе омбудсмен, білім министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында", - дейді Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер.

Аудан әкімінің орынбасары, мектеп директоры мен орынбасары, үш қыз оқыған сыныптардың жетекшілері тәртіптік жазаға тартылды. Жұлдыз Көбеева үш жыл бұрын әкесімен азаматтық некеге тұрып, кейін ұл туған соң, өгей қыздарына әңгір таяқ ойнатуды бастапты. Жәбірленушілердің айтуынша, түрлі тапсырмалар беріп, қит етсе ұрып-соғып, тіпті тырнақтың астына ине тығудан тайынбаған. Мұздай суға салып қинап, мұздатқыштың ішіне де қамап жәбірлеп келіпті. Екі жылға жуық азапталған қыздардың бірі өгей шешенің озбырлығын сынып жетекшісіне айтып берген соң ғана құзырлы орындар әрекет ете бастады. Қазір, 11, 13 және 14 жастағы үш жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: КТК

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети