09 сәуір 2023 09:44

Жетісу облысында мектеп мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлады деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл факт Жаркент қаласында тіркелген.

6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны хабарланған.

Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, оны айдап кеткен.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып, заңды иесіне қайтарды.

Күдікті де жәбірленушіні сияқты білім мекемесінің қызметкері, оның әріптесі болып шықты. Жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети