Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жезқазған - Қарағанды пойызында жолсеріктер таяқ жеді

25 Желтоқсан 2014, 14:20
0
©thenews.kz
©thenews.kz

Жезқазған - Қарағанды бағытындағы электр пойызда үш жолаушы, үш жолсерік және бір бригадирдің қатысуымен жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көлік полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға салдарынан жолсеріктер мен бригадир дене жарақаттарын алды. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға 21 желтоқсанда болған.

Көлік полициясы пойызда жаппай төбелес шығарған Қарағанды облысының үш тұрғынын ұстады. Олар - 1990, 1991 және 1992 жылы туылған жігіттер, құқық қорғау органдары мамандарының айтуынша, оқиға болған кезде олар мас болған. Жаппай төбелес Қарағанды - Сортировочная станциясына тоқтаған кезде болған. Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. "Қазіргі таңда күдіктілер Қарағанды облысы ІІД Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторында отыр" , - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды - Астана бағытындағы электр пойызда жаппай төбелес болған еді, соның салдарынан бір жасөспірім қыз қолын сындырып, бір жігіт оңбай таяқ жеді, төбелес кезінде төрт айлық сәбидің де жарақат ала жаздағаны хабарланған болатын. Оқиғаға қатысты басқа да сұмдық деректер де айтылған еді, бірақ оларды ІІМ жоққа шығарды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай