15 тамыз 2016 | 18:24

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы. © Tengrinews.kz Сотталушы. © Tengrinews.kz

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Сот оны екі жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews­.­kz­ тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Сот оны екі жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews­.­kz­ тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот 30 жастағы Қайрат Елубаевті кінәлі деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан шектеді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы Гүлбаршын Жітікова. Елубаев алты дерек бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің төрт бабы: "Билік өкiлiн қорлау", "Билік өкіліне бағынбау", "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" және "Бұзақылық" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, сотталушы Қайрат Елубаев өз кінәсін мойындады. Ол Жезқазған қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы Төлеген Игібековке оның Қайратты наркологиялық диспансерге апарғандықтан оған зәр шашқанын мойындады. Сондай-ақ, ол арнайы көліктегі отырғыштарды тепкенін және полицейдің киімін жыртып жібергенін мойындады. Айта кетейік, сот оның кішкентай баласы бар екенін ескеріп, жазасын жеңілдетті.

Бірақ жәбірленуші, полицияның бұрынғы қызметкері Төлеген Игібеков соттың бұл шешімімен келіспей отыр. "Меңінше, оған жеңіл жаза тағайындалды. Мен сотта болдым. Оның отбасы, баласы бар және ақшасы жоқ екенін айтып жатты. Алайда мен оның ақшасы бар екеніне сенімдімін. Ол кәсіпкер ғой. Мені соттаған кезде менің балам, анам, әйелім жайлы ешкім де ойламаған еді. Мен отбасымның жалғыз қамқоршысы болсам да. Мен әлі күнге дейін жұмысқа тұрмадым. Мұндай мерзіммен мені ешкім де жұмысқа алмайды. Мен сотқа кассациялық өтініш қалдырдым. Күтіп жүрмін", - деді Төлеген Игібеков.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін полицей бес жылға шартты түрде сотталған еді. Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов бетіне зәр шашылғаннан кейін жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға сотталып кеткен жезқазғандық полицейдің ісі бойынша Жоғарғы сотқа хат жазғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети