Министр бетіне зәр шашылған полицейдің ісіне байланысты Жоғарғы сотқа хат жазды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ortcom.kz © ortcom.kz

Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов бетіне зәр шашылғаннан кейін жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға сотталып кеткен жезқазғандық полицейдің ісі бойынша Жоғарғы сотқа хат жазғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов бетіне зәр шашылғаннан кейін жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға сотталып кеткен жезқазғандық полицейдің ісі бойынша Жоғарғы сотқа хат жазғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз БАҚ-тан Жезқазғанда өткен жылдың желтоқсанында полиция қызметкері Төлеген Игібековтің басынан өткен оқиға жайлы білеміз. Қызметтік міндетін атқару кезінде жергілікті полиция сержанты қорлық мәніндегі әрекетке тап болып, салдарынан бес жылға бас бостандығынан айырылды, бұл әрекеті арқылы полиция қызмкеткері өз ар-намысын қорғаған. (...) Сотталған полицей мен оның отбасын қорғау бойынша қандай шаралар жүріп жатыр? Игібеков ұстаған жауапты тұлға қандай жазаға тартылды?", - деп сұрады Арман Қожахметов Мәжілістегі үкімет сағатында.

"Бұл оқиға біздің бақылауымызда. Дерек бар. Полицей бес жылға бас бостандығынан айырылды. Полицейдің бетіне зәр шашқан жәбірленуші ешқандай дене жарақатын алмады. Сараптама оның денесіне ешқандай да зиян келмегенін көрсетті, бірақ судья ең қатал жазаны тағайындады. Әрине, шешімнің үстінен шағым түсірілді. Мен Жоғарғы сотқа хат жаздым. меніңше, бұл мәселе заң тәртібінде қарастырылып жатыр. Шашқан адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Біз бұлтартпау шарасы ретінде "қамауға алу" түрін таңдауды сұрадық. Прокуратура оны кепілақымен босатуға өзгертті. Қазір біз тергеу барысын бақылап отырмыз", - деді ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін жүргізуші қамалып, кепілақымен босатылған. Осыдан кейін 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer