27 сәуір 2016 | 14:58

Жезқазғанда жүргізуші полицейдің үстіне зәр шашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда полицей үстіне зәр төккен жүргізушінің бетінен шапалақпен ұрғаны үшін жұмысынан айырылып, сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотына сілтеме жасап.


Қарағандыда полицей үстіне зәр төккен жүргізушінің бетінен шапалақпен ұрғаны үшін жұмысынан айырылып, сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотына сілтеме жасап.

Жезқазған қалалық ІІБ жол-патрульдік ротасының 23 жастағы полицейі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтейді. 

Сот ісінің материалдарына қарағанда, оқиға 2015 жылдың 2 желтоқсанында болыпты. Жас сержант қызметте болған. Жезқазған қаласындағы Абай көшесін әріптесімен бірге тексеріп жүрген ол арлы-берлі бұрып, жүріп бара жатқан көлікті көріп, тоқтатқан. 

Алайда жүргізуші тоқтамай, жүре берген. Бұл уақытта полицейлер көлікті қуа бастайды. Оны тек Кеңгір ауылына жеткенде ұстайды. Жүргізуші наркодиспансерге жеткізіліп, оның алкоголь ішкен-ішпегені тексеріледі. Оның қорытындысында жүргізушінің мас болғаны анықталады, бірақ ол қорытындының ауыстырылғанын мәлімдейді. Сол уақытта дәрігерлер оған зәрін сараптамадан өткізуді ұсынады. Ол келісіп, әжетханаға кірген. Кейін шығып, өзін ұстаған сержантқа зәрін шашып жібереді. Жүргізуші дәрігердің кабинетіне кіреді, артынан полицей кіріп, оның бетінен шапалақпен ұрады. Салдарынан сотта полицей өз абыройын қорғап қалғысы келендіктен шапалақпен ұрғанын айтып, ақталды. Алайда сот оны өкілеттікті асыра пайдаланды деп шешті. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, шағымданушы оған қорлау мәніндегі сөз айтып, тіпті тепкен. 

Ал шағымданушы полицейдің шапалақпен ғана емес, басқа да дене жарақатын салғанын дәлелдегісі келді. Бірақ оның бұл сөзі сотта дәлелденбеді. Осылайша, полицей ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Полицей сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар, ол сержант шенінен айырылды. Экс-полицейдің әйелі мен екі баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети