26 қараша 2019 09:28

Жол апатынан соң жалған куәлік көрсеткен. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлерде ер адамның жол апатын жасаған соң өзін Жемқорлыққа қарсы қызметте істейтінін дәлелдейтін куәлікті көрсетіп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Ал видео авторы ер адамның Toyota Camry көлігін мас күйде жүргізген болуы мүмкін екенін айтады.

"Бұл оқиғаның 21 қарашада Павлодарда болғаны анықталды. Полицейлер ер адамды ұстады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") айыпты деп танылып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ұсталған. Көлігін тексеру барысында куәлігі табылмады. Ол куәлікті өртеп жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта ол Алматы қалалық уақытша изоляторына қамалды", - деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.

Сондай-ақ, агенттіктегілер ер адамның осыған дейін де өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырғанын айтты. 2011 жылы ол өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырып, сотталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети