Алматыда екі аяғынан айырылған алматылық қыздың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында "Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлерінен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда екі аяғынан айырылған алматылық қыздың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында "Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлерінен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, сот отырысы Бостандық ауданының № 2 сотында судья Арай Нұғыманованың төрелігімен өтіп жатыр.
Сотқа Бостандық ауданы бойынша әл-Фараби даңғылындағы учаскеге жауапты "Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері шақырылды. Жол апаты болған күні (16 маусымда) жол люк сынып қалған болатын. Мекеме басшысының орынбасары Ерсін Есімханов 16 маусымда таңғы сағат 5-те учаскені аралап қайтқанын айтты. Айтуынша, сол сәтте жолда барлығы дұрыс болды.
"Шамамен түскі сағат 1-ден кейін ІІД хабарласқан соң мен қызметкерім Нұржан Қаңтарбаевқа сол люкті алып тастауға тапсырма бердім. Бірақ бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілген жоқ", - деді ол.
Ал кейінірек "Алматы Тазалық" мекемесінің аудандық бөлімшесінің басшысы Әуезханов сөйледі. Ол қызметтік тексерістердің тәжірибеде жоқ екенін айтып өтті.
Еске сала кетейік, биыл 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды.