Алматыда екі қыз зардап шеккен жол апатының видеосы шықты

17 Маусым 2017, 09:24
0
Алматыда екі қыз зардап шеккен жол апатының видеосы шықты -

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апаты видеотіркеу құрылғысына түсірілді. Instagram желісіндегі almaty_dtp парақшасында жарияланған роликтен көліктің соққысынан ұшып кеткен қызды көруге болады.

Ат тағы бір видеода қорқынышты жол апатының салдары көрінеді. Кадрлардан зардап шеккен екі адамның жолдың шетінде жатқанын көруге болады.

Бұл роликті куәгерлер patrul.kz порталына жолдаған.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. 

Кейінірек аяғы жұлынып кеткен қызға шұғыл ота жасалып жатқаны хабарланған еді. "Бірінші науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті мамандармен жедел түрде консилиум өткізілді. Консилиумның шешімімен науқасқа ота жасалатын болды. Зардап шеккен қыз ауруханаға түскенде 3-4 деңгейлі травматикалық шок алған. Мидың жабық жарақаты мен оң және сол балтыр сүйектерінің ортаңғы, төменгі бөліктерінің көпжарқыншақты ашық сынығын алған", - деген еді дәрігерлер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай