12 наурыз 2021 12:17

Жол-көлік оқиғасының куәгері зардап шеккен жүргізушінің телефонын ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасының (ЖКО) куәгері зардап шеккен жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасының (ЖКО) куәгері зардап шеккен жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖКО-ға тап болған жүргізушілердің бірі полицияға арыз түсірді. Ол көліктер соқтығысқан сәттен кейін салонда тұрған телефоны жоғалып кеткенін айтты.

"Полиция қызметкерлері оқиға куәгерлерінің бірі әбігерді пайдаланып, көлік салонындағы ұялы телефонды ұрлап кеткенін анықтады. Өз әрекетін жасыру үшін көпқабатты үй ауласына жүгіріп барып, телефонды қарға лақтырып жіберген", - деп хабарлады қалалық полиция өкілдері.

ЖКО болған сәт және ұрының әрекеті камераға түсіп қалған.

Тәртіп сақшылары елорданың 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін де осындай әрекеті үшін қылмыстық жаупкершілікке тартылған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети