22 сәуір 2022 13:27

Жұбайынан қорыққан ақтөбелік қулық жасаймын деп басы бәлеге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

23 миллион теңгеге бәс тіккен ақтөбелік тұрғын ұтылған ақшаны біреу ұрлап кетті деп, полицияға өтірік шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


23 миллион теңгеге бәс тіккен ақтөбелік тұрғын ұтылған ақшаны біреу ұрлап кетті деп, полицияға өтірік шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 4 сәуірде №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданған. Оның айтуынша, 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер 23 миллион теңге салынған пакетті ұрлап кеткен.

"Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегі қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады. Айғақтарды көрсеткеннен кейін ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты", - делінген хабарламада. 

Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен. ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі ("Көрінеу жалған сөз жеткізу") бойынша соталды тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясында сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети