1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Жұмабекке хабарлас". Түркістан облысында полицейлер қарсы жолмен жүрген жүргізушіні жібере салды 09 наурыз 2021, 14:04

Әлеуметтік желіде қарсы жолақпен жүрген жүргізушіні полицейлердің босата салған видеосы тарап жатыр. Түркістан облысының ПД өкілдері ер адам
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде қарсы жолақпен жүрген жүргізушіні полицейлердің босата салған видеосы тарап жатыр. Түркістан облысының ПД өкілдері ер адам ұсталғанын, ал оны жіберген полицейлер тексеріліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик авторы оқиға Түркістан облысында түсірілгенін айтады. Кадрларда жүргізушінің қарсы жолақпен келе жатқанын көруге болады, содан кейін оны полиция тоқтатады. Полицей ер адамнан құжат сұрайды, бірақ ол "құжат жоқ" дейді. 

"Өте бетпақ жүргізуші. Қарсы жолақпен келе жатыр. Полиция тоқтатқанда "Жұмабекке хабарлас" дейді. Содан кейін полицейлерге біреулер келіп, олар жібере салды", - дейді оқырман.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Түркістан облыстық полиция департаменті өкілі тәртіп бұзған ер адамның ұсталғанын хабарлады. Қарсы жолақпен қозғалған Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі Шымкент тұрғыны болып шықты.

"Отырар АПБ полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтады. Автокөлік иесіне қатысты полиция қызметкерлері "Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" және "Полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамау және алкогольдік, есірткілік мас күйін куәландырудан жалтару" баптары бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама толтырды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Іс Отырар аудандық сотына жіберілді. Сондай-ақ тәртіп бұзушыны босатқан полицейлерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!