24 қаңтар 2020 09:06

Жүргізушілерден пара алған оралдық жол сақшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жүргізушілерден пара алған оралдық жол сақшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Жүргізушілерден пара алған оралдық жол сақшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, патрульдік полиция батальонының инспекторлары өзара сөз байласып, көлік иелерінен табыс табуы көздеген. Олар облыстық және республикалық деңгейдегі тасжолдарда тәртіп бұзған жүргізушілерден 2 мың теңгеден 10 мың теңге аралығында пара алған деген күдікке ілінді.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, патрульдік полиция батальонының взвод командирі қамалған. Дегенмен оның қарауындағы қалған қызметкерлер бұрынғыша жұмысында жүр. Жең ұшынан жалғасқан парақор сақшылардың саны қанша екендігі де айтылар емес. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері тергеу кезінде күдіктілердің ісі тағы сараланатынын айтты.

"Парақорлықпен әшкереленген қызметкерлер біраз айдан бері аталған осындай заңсыз іс-әрекетпен айналысқаны анықталып отыр. Олардың жасаған іс-әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу жазалары қарастырылады", - дейді СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет  Сәмет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети